Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда Республика күніне арналған семинар сабақ өтті
Теміртауда Республика күніне арналған семинар сабақ өтті
25 қазан – Республика күніне орай Теміртау қаласындағы әйелдер жамағы арасында «25 қазан – ұлттық мереке, Республика күні» тақырыбында семинар сабақ өтті. Семинарды ұстаз Ташкенбайқызы Мадина жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – Республика күнінің тарихи маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отансүйгіштік сезімді нығайту және ел тарихына деген құрметті арттыру.

Семинар барысында Республика күнінің мән-маңызы туралы айтылып, еліміздің тарихы мен тәуелсіздіктің қадірі жайында мазмұнды әңгіме өрбіді. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ел бірлігі мен қоғамдағы әйелдердің рөлі туралы пікір алмасты.

Тағылымды басқосу қатысушыларға рухани ой салып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға, елге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік сезімді арттыруға бағытталды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz