ҚМДБ-ның «Жастар ісі» секторының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен дүниежүзілік жастар күніне орай «Әнет баба» және Теміртау мешіттерінің жастары бас қосты.
«Ізгі қоғам жастары» тақырыбы аясында өткен рухани отырыста «Ихсан» және «Ислам» жастары берекелі дастархан басында жиналып, уағыз-насихат тыңдады.
Шара барысында «Әнет баба» мешітінің ұстазы әрі «Жастар ісі» секторының өңір бойынша жауапты өкілі Думан Қамариденұлы жиналған жастарға насихат айтып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы