Center Image
IHSAN.KZ
Ашуланба!
Ашуланба!

X2nAhSCad6EБір күні пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір тайпаның көсемі келеді. Қайтарында: "Мырзам, маған бір насихат беріңіз!" деп сұрайды.

Пайғамбарымыз алейһисалам оған: "Мұқият бол, Ашуланба!" дейді. Тайпаның көсемі бұл қысқа ғана насихатқа таң қалып, ауылына қарай беттейді. Ауылына келсе, ауыл тұрғындарының жасақтанып жатқанын байқайды. Олардан алаңдаумен сұрайды: - Тыныштық па, не болды? - Біздің жастарымыз көрші тайпаның малдарынан бірнешеуін ұрлапты. Олардың қаруланып бізге келетіндерін ойлап, қорғану үшін жасақтанып жатырмыз,- дейді. - Демек бізге шабуыл жасамақшы ма,- деп айбаттанып, тайпаның көсемі де қаруланады. Дәл сол сәтте пайғамбарымыздың алейһисалам насихаты есіне түседі. Дереу тәубе етіп, қару жарақтарын тастап, тұрғындарға былай дейді: - Мен қазір арғы тайпаға барып сөйлесемін. Келіспесе де жоғалтарымыз жоқ. Арғы ауылға жақындағанда, сол ауылдың тұрғындары таңырқап, оны көсемдерінің жанына алып барады. Көсемдерімен сәлемдесіп былай дейді: - Біздің жастарымыз сендердің малдарыңа зиян келтіріпті. Қателік бізден. Барлық шығындарды мен өтеймін. Осының кесірінен қан төгілмеуі тиіс. Арғы көсем бұл кең пейілділікке қатты риза болып: - Олай болса мен де барлық нұқсандарды кештім,- дейді. Осылайша қан төгілмей араларында бейбітшілік орнайды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz