Center Image
IHSAN.KZ
Жат ағамның алдын-алуға арналған кездесу өтті
Жат ағамның алдын-алуға арналған кездесу өтті

  Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің наиб имамы Айтқазин Рауан аймақтағы №31775 әскери бөлімінің қызметкерлерімен жат ағамның алдын-алуға арналған кездесу өткізді. 

Кездесуде имам дін тақырыбында жан-жақты насихаттар айтып, әсіресе, қоғамда көбейіп кеткен теріс ағымдардың белгілері, діни сайттар және экстремистік топтар мәселелері кеңінен талқылады. Жат ағымдардың қоғамға келер зияны және олардан сақтану шаралары мен алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, қызметкерлерге жастар арасында түрлі қылмыстар, ұрлық-зомбылық, арақ-шарап, темекі, зинақорлық секілді кесапат күнәлар тақырыбында уағыз-насихат айтты. 

Жиын соңында қатысушылар тарапынан да сауалдар қойылып, оларға имам толыққанды жауап берді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz