Center Image
IHSAN.KZ
Қазақ ойшылдары дін туралы не дейді?

Алла өзін білімдімен құт етеді,

Қайырсыз надандықты жұт етеді.

Білімді үйренбеген тала қауым,

Құдайды қолдан жасап, пұт етеді

(Ахмед Иүгінеки)

Нәпсі алдаушы дұшпаның,

Насихатын алмағын

(Асан қайғы)

Бірінші тілек тілеңіз,

Бір Аллаға жазбасқа.

Екінші тілек тілеңіз,

Әзәзіл, пасық, залымның

Тіліне еріп азбасқа.

(Бұқар жырау)

Діл мұсылмн болмаса, тіл мұсылман не пайда.

(Бұқар жырау)

Ұрлық пенен қорлықтан,

Өтірік, ғайбат, зорлықтан,

Бойыңды тартып тек жүрсең.

Көрмессің деген залалды.

(Шортанбай Қанайұлы)  

Иман – қой, ақыл –қойшы, нәпсі –бөрі,

Бөріге қой алдырмас ердің ері,

Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,

Жоламас ешбір пәле шайтан-пері.

(Шал ақын)

Иманды ер құдайынан ұялады,

Ұялып Иесінен сый алады...

Ренжітпе пенде болсаң бейшараны,

Кәріп көңілі сынғақ бір пияла-ды...

(Ы.Алтынсарин)

Алланың өзі де рас, сөзі де рас.

Рас сөз еш уақытта жалған болмас.

Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,

Жарлық берді, ол сіздерге сөзді ұғарға.

(Абай Құнанбаев)

Адаспасаң ақ жолдан,

Қонады бақыт басыңа.

Билет бәрін сабырға,

Кірме ажалсыз қабырға.

(Ш.Құдайбердіұлы)

     

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz