Center Image
IHSAN.KZ
Ақсу-Аюлы ауылында ақсақалдар алқасының жиыны өтті
Ақсу-Аюлы ауылында ақсақалдар алқасының жиыны өтті

Шет ауданына қарасты Ақсу-Аюлы ауылдық әкімдігінің ғимаратында аймақтың ақсақалдар алқасы бірлескен алқалы жиын өтті.

Жиынға аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы, Ақсу-Аюлы ауылының әкімі, қоғамдық ұйым өкілдері, жергілікті қоғамдық Кеңес төрағасымен ақсақалдар қатысты.

Басқосуда ауданның рухани өркениетін арттыру бағытында көтеріліп жүрген игі бастаманың орындалуы туралы сөз қозғалып, ашық талқылау жүргізілді. Сонымен қоса, қоғамның дертіне айналған әсіресе, жастар арасында белең алған құмар ойындары мен ішімдіктерден, зиянды әрекеттерден сақтандыру бойынша сөз қозғалды.

Алқалы жиынға жиылған тараптарға мешіт имамы Берік Маханбетчин халқымыздың дәстүрін дәріптеуге,  жастар тәрбиесі қариялардың өнегесіне тікелей байланысты екендігі жөнінде тілге тиек етті.

Жиын ақсақалдар, ауданның зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, аталған жиынның тәлімдік маңызы зор шара екендігіне тоқталып, қоғамдағы осы бағыттағы тәлімдік-тәрбиелік істерді насихаттау туралы құнды ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Сөз соңында тараптар қазыналы қариялармен сүбелі сұхбат жүргізіліп, өркениетті қоғам қалыптастыру бағытында бірлесе жұмыстар атқаруға уағдаласты.

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz