ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имам Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында қасиетті рамазан айының құрметіне орай облыстық «Әнет баба» мешітінде тарауық намазынан қайтқан жамағатқа «Тегін қоғамдық көлік» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
«Ізгі қоғам» бағытының жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлының ұйымдастыруымен өткен акция қасиетті рамазан айы бойы жүзеге асырылатын болады. Айта кетейік, қоғамдық көлік жолаушыларды қаладағы «Муканов», «Университетская», «Н. Абдирова» көшелері және «Республика», «Бұқар жырау» даңғылдары бойынша тасымалдайды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы