Center Image
IHSAN.KZ
Қарқаралыда Республика күніне орай жастармен рухани кездесу өтті
Қарқаралыда Республика күніне орай жастармен рухани кездесу өтті

25 қазан – Республика күніне орай Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлы жастармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында имам жастарға отансүйгіштік, елге қызмет ету және туған жерге деген құрмет туралы насихат айтты. Ол Отанды сүю – туған жердің қадірін білу, елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау, ұлттық құндылықтарды құрметтеу және қоғамның дамуына үлес қосу екенін атап өтті.

Сонымен қатар, өскелең ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталып, әрбір жас азаматтың бойында жауапкершілік, адалдық пен ізгілік қасиеттері қалыптасуы керектігін жеткізді. Туған елдің тыныштығы мен тұрақтылығын бағалап, ел болашағына бейжай қарамауға шақырды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz