Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлының ұйымдастыруымен мешіт имамдарына «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында семинар өтті.
Аталмыш семинарды өткізудегі негізгі мақсат – дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, іс-тәжірибелері мен зайырлылық біліктіліктерін арттыру, жан-жақты дамыту мәселелерін қамту болды.
Семинар барысында мешіт имамдарының білімі, әдептілік міне-құлық қағидалары, қазақ мәдениеті және исмал құндылықтары, тарихы, исламдағы сенім, ақида мәселелері, қазіргі кезде әлеуметтік желі мүмкіндігін терең пайдалану туралы тақырыптар қозғалып, түйткілді мәселелер талқыланды.Сонымен қатар, діни басқарма тарапынан бекітілген бес бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы