Center Image
IHSAN.KZ
«Мазхаб ұстанудың маңыздылығы» тақырыбында дәріс өтті
«Мазхаб ұстанудың маңыздылығы» тақырыбында дәріс өтті

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен бір жыл бойы тұрақты өтіп келе жатқан фиқһ дәрісінде  «Мазхаб ұстанудың маңыздылығы» тақырыбында дәріс өтті.

Әр апта сайыс өтіп жатқан діни сауат ашу дәрісіне  білім алып, іс-шараларға белсенді қатысып жүрген шәкірттер қатысты. 

Шара барысында мешіт ұстазы жиналған шәкірттер қауымына мазхаб ұстанудың маңыздылығы, жат ағымның зияны жайлы  насихат айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, шәкірттердің  тарапынан туындаған отбасы мәселесіне қатысты маңызды сауалдарға жауап берді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz