Center Image
IHSAN.KZ
«Әл Машани» мешітінде ұлық мейрам тойланды
«Әл Машани» мешітінде ұлық мейрам тойланды

Жылдағы үрдіс бойынша Құрбан айт мейрамы Қарағанды қалалық "Әл Машани" мешітінде  өз дәрежесінде аталып өтті.

Айттың алғашқы күні мешіт имамдары  мұсылмандардың ұлық мерекесі құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар,  мешіттің ұйымдастыруымен өтетін мерекелік іс-шараның бағдарламасымен таныстырды. Артынша мешіт алаңында дүбірлі дода басталды. Ұлттық ойындар мен жарыстар оның ішінде, кір тасын көтеру, арқан тартыс, қой көтеру секілді ойындар арасында қызу тартыс өтті. Кіл жүйріктерге мешіт ұжымы марапаттау қағаздары мен бағалы сыйлықтар үлестірді.

 Мешітте жамағатпен айт намазы оқылып болғасын, намаздан шыққан мұсылман қауымы мешіт ауласында орналасқан алты қанат ақ ордалы киіз үйлерге кіріп Құрбан айттың құрметіне жайылған дастархандардан шай ішіп, дәм татты. Айт намазына арнайы келген жамағаттар мешіт тарапынан жасалған осындай дәстүрге сай іс-шараларға дән риза болып алғыстарын айтып жатты.

 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz