Center Image
IHSAN.KZ
«Құдайы ас – жарыс емес, сауап»: Ар-Рахман мешітінде насихат айтылды
«Құдайы ас – жарыс емес, сауап»: Ар-Рахман мешітінде насихат айтылды

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде ас беру мәдениетін қалыптастыру және «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында уағыз-насихат жұмысы жүргізілді.

Насихат барысында құдайы ас берудің мәні мен маңызы, марқұмдарға дұға бағыштау әдебі және ас беру кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, әр отбасының өз мүмкіндігіне қарай әрекет етіп, даңғазалық пен орынсыз бәсекеден аулақ болуы қажеттігі айтылды.

Құдайы ас – марқұмдарды еске алып, дұға бағыштауға, ағайын-туыстың басын қосып, бірлік пен бауырмалдықты нығайтуға арналған игі дәстүр. Оның негізгі мақсаты – өзгелермен жарысу емес, Алланың разылығын көздеп, сауапты амал жасау.

Уағыз барысында ұлттық дәстүрдің мәнін сақтап, ас беруде қарапайымдылық пен шынайылықты ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz