Center Image
IHSAN.KZ
Қарақұдық ауылында Республика күніне арналған мерекелік шара өтті
Қарақұдық ауылында Республика күніне арналған мерекелік шара өтті

25 қазан – Республика күніне орай Бұқар жырау ауданына қарасты Қарақұдық ауылдық мешітінің имамы Мержан Жанғалиевтің ұйымдастыруымен ауылдық мәдениет үйінде мерекелік шара өтті.

Іс-шара барысында имам жиналған қауымға отансүйгіштік тақырыбында насихат айтып, туған жерді қадірлеу, ел бірлігін сақтау және Отанға адал қызмет етудің маңыздылығына тоқталды.

Мерекелік шараға Ауған соғысының ардагерлері, ауыл тұрғындары мен жергілікті қауым өкілдері қатысты. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында балаларға, ардагерлерге және ауыл тұрғындарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы таратылды.

Тағылымды шара жергілікті әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылып, елдік пен бірлікті дәріптеуге, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz