Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Машани» мешітінде ас беру мәдениеті түсіндірілді
«Әл-Машани» мешітінде ас беру мәдениеті түсіндірілді

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің наиб имамы Ысқақ Рахымбекұлы жамағатқа «Ас беру мәдениеті» құжатын таныстырып, оның маңыздылығын түсіндірді.


Кездесу барысында ас беру рәсімін шариғат талаптарына және ұлттық дәстүрге сай ұйымдастыру, құдайы ас кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу, қарапайымдылық пен үнемшілдікті ұстану мәселелері кеңінен айтылды.


Наиб имам ас берудің негізгі мақсаты – марқұмға дұға бағыштап, сауабын арнау, жақындарына қолдау көрсету және адамдар арасындағы бауырмалдықты нығайту екенін атап өтті. Сондай-ақ ас беру рәсімін бәсекеге айналдырмай, даңғазалық пен орынсыз шығыннан аулақ болудың маңыздылығына тоқталды.


Сонымен қатар жиында той мәдениеті, отбасылық жиындарды ұлттық құндылықтар мен діни ұстанымдарға сай өткізу мәселелері де түсіндірілді. Жамағатқа береке мен бірлікті сақтау, ысырапқа жол бермеу және салт-дәстүрдің озық үлгілерін дәріптеу жөнінде насихат айтылды.


Жиынның мақсаты – қоғамда ас беру және той өткізу мәдениетін қалыптастыру, дін мен дәстүр сабақтастығын нығайту әрі халық арасында қарапайымдылық пен үнемшілдікті насихаттау.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz