Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы аясында жыл жоспарына сай Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде өңірлік имамдарға арналған ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Арқа өңіріне арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ төрағасының орынбасары,наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы мен ҚМДБ Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков жергілікті имамдарға Ислам тарихы және “Усул әл-фиқһ” ілімі бойынша дәріс жүргізді. Қарағанды облысының имамдары исламдағы құқық негіздеріне көз жүгіртіп, оның дамуы мен тарихы жайлы мәлімет алды. Асыл дініміздегі алғашқы құқық мектептері жайлы сөз болды.
«Семинар имамдарға пайдалы ақпараттар беріліп, тәжірибе алмасуға көп септігін тигізді»,-дейді қатысушылар.
Айта кетсек, жыл басынан бері Қарағанды имамдарының діни білімдерін тереңдету және олардың біліктілігін арттыру мақсатында осындай ғылыми-тәжірибелік жиындар жиі ұйымдастырылып келеді.