Center Image
IHSAN.KZ
Аудан әкімі Бұқар Жырау бабамыздың кесенесін зиярат етті
Аудан әкімі Бұқар Жырау бабамыздың кесенесін зиярат етті

Жақында ғана Бұқар Жырау ауданының әкімі қызметіне жаңадан тағайындалған   Құсайын  Ерлан Бейсембайұлы   аймақ имамы Рүстем Мұратұлымен кездесіп, Бұқар Жырау бабамыздың кесенесін зиярат етті.

Шара барысында аудан имамы бастаған әкімдіктің тағыда бірнеше қызметкерлері  бабамыздың рухына қасиетті Құран аятын бағыштап, дұға жасады.

Айта кетейік, Бұқар жырау Қалқаманұлы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумағындағы Далба тауының бір сілеміне жерленген.  1993 жылы бой көтерген бұл кесененің  табаны үш таған болып келеді. Биіктігі 12 метрге жететін бұл ғимарат қазақтың ұлттық бас киіміне ұқсас келеді де, кезінде ұлы бабамыз аңсап кеткен үш жүздің, бүкіл елдің бірлігін бейнелейді. Елдік идеологияны, халық ретінде өзін-өзі сақтау түйсігін берік ұстауда өлшеусіз орны бар семит халықтарының қасиетті кітаптарынан кем түспейтін құдірет біздің жыраулар поэзиясында айқын тұр.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz