Қасиетті жұма күнінің қарсаңында қаламыздағы жаңадан ашылған қайырымдылық негізде жұмыс атқаратын мекемеде қайырлы іс жасалды. «Зекет» және «Уақып» қорлары бірлесіп осы мекемеге кілемдер мен төсеніштер, көрпе-төсек жабдықтарын және қажетті бұйымдар тарту етті.
Бұл мекемеде көшеде қараусыз қалған, үйсіз жүрген жандарды уақытша паналатып, құжаттарын ретке келтіріп жұмысқа орналастыруға ықпал етеді. Дін қызметкерлері Бақдәулет Қыдырбайұлы мен Асылхан Рахымжанұлы мекеме басшылығымен сұхбаттасып, алдағы уақытта да мүмкіндігінше жәрдемдесіп тұруға өзара ықпалдастық танытты.
ҚМДБ - Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі