ҚМДБ – Қарағанды облысы бойынша «әйел-қыздар» секторы облыстық «Әнет баба» мешітінде «Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады» атты әйелдер жамағатына семинар өткізді.
Семинарда «Алланы тану», «Пайғамбардан үлгі алу», «Рухани ортаның маңыздылығы», «Намаз оқудың үлгісі» атты тақырыптар қамтылды. Іс-шара барысында түрлі ойындар ойнатылып сыйлықтар үлестірілді. Ең бастысы намаз оқуға ниетті жандарға намаз оқудын үлгісі көрсетілді.
ҚМДБ – Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі