Center Image
IHSAN.KZ
Абай ауданында «Имани жаз – 2025» курсы жүргізіліп жатыр
Абай ауданында «Имани жаз – 2025» курсы жүргізіліп жатыр

Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

Әдеп пен ахлақ, имандылық пен құлшылықты үйренуге ниеттенген бүлдіршіндер енді қасиетті Алла үйінде діни білім алуға кірісті.

Курстың ашылуында Абай аудандық мешітінің наиб имамы Бейсембай Нұрқанат уағыз айтып, шәкірттерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар, алғашқы дәрісін өткізіп, имандылық жолындағы білімнің маңызын түсіндірді.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz