Қарағанды облысы, Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің әйел-қыздар жамағаты облыстық волейбол турнирінде жүлделі ІІ орынды иеленді.
Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен спорттық іс-шараға өңір мешіттерінің белсенді жамағаты қатысты.
Дене шынықтыру мен бірлікті арттыруды көздеген турнирде мешіт атынан қатысқан қыз-келіншектер ұйымшылдық пен шебер ойын көрсетті.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі