Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде қайырымдылық іс-шарасы өтті
«Бала қажы» мешітінде қайырымдылық іс-шарасы өтті

Қарағанды қаласындағы «Бала қажы» мешітінде кезекті қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Игі шара аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және мұқтаж жандарға нақты көмек көрсетілді.

Мешіт ұжымы мен жомарт жамағаттың қолдауымен 50 отбасыға азық-түлік салынған себеттер таратылып, 25 мұқтаж азаматқа құрбандық еті үлестірілді. Қайырымдылық – ислам дінінің басты құндылықтарының бірі екенін ұғындырған бұл шара халықтың алғысына бөленді.

Қайырымды іске атсалысқан барша жандарға мешіт имамы ризашылығын білдіріп, Алла разылығы үшін жасалған әрбір амалдың сауаптан жазылатынын атап өтті.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz