Center Image
IHSAN.KZ
«Күмісбек молла» мешітінің асханасына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр
«Күмісбек молла» мешітінің асханасына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр

Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты «Күмісбек молла» мешітінде асхананың күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жөндеу жұмыстарына мешіт жамағаты мен жомарт азаматтар қолдау көрсетті.

Асхананың толық жаңартылуы алдағы уақытта мешітте өтетін түрлі діни, тәрбиелік іс-шаралар мен қайырымдылық дастарханның сапалы ұйымдастырылуына мүмкіндік береді.

Мешіт ұжымы бұл игі бастама мешіттің материалдық-техникалық базасын нығайтып, жамағаттың жайлылығы үшін жасалып жатқанын атап өтті.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz