Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нуров Махмуд қажының бастамасымен Бала Қажы атаның қабіріне абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Игі іс-шара аясында қабір басындағы көктас жаңартылып, зиярат етушілерге алыстан көрінетін биіктігі 6 метрлік белгі орнатылды. Мешіт имамдары, ұстаздар мен жамағат атамыздың рухына Құран бағыштап, дұға жасады.
Аталған жұмыс бабаларға құрмет көрсетіп, кейінгі ұрпаққа өнеге қалдыру мақсатында ұйымдастырылды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі