Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде қазақ даласындағы мұсылмандық мектептер жайлы дәріс өткізілді
«Қазыбек би» мешітінде қазақ даласындағы мұсылмандық мектептер жайлы дәріс өткізілді

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» атты тарихи-танымдық еңбекке негізделген имани дәріс ұйымдастырылды.

Дәрісті мешіттің наиб имамы Дастан Абдрахманов жүргізіп, кітаптың негізгі мазмұнына тоқталды. Ол қазақ даласындағы діни мектептердің тарихы, медресе мен мешіттердің рухани-ағартушылық рөлі, бабаларымыздың Исламды насихаттаудағы еңбегі мен үлгісі жайлы тың деректер келтіріп, терең мазмұнды насихат айтты.

Сондай-ақ жастарға дін мен білімнің байланысы, ұлттық дәстүр мен Ислам құндылықтарының сабақтастығы туралы тағылымды ойлар айтылды.

Дәріс барысында жамағат көкейдегі сұрақтарына жауап алып, рухани тұрғыда мол мағлұматқа қанықты.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz