Center Image
IHSAN.KZ
Сапарда намазды толық оқуға болама?
             Сапарда намазды толық оқуға болама?

Алла Тағала Өз дінін қиындатпай, адамдардың жағдайына қарай кейбір үкімдерге жеңілдіктер берген. Соның бірі — сапар кезіндегі төрт ракағаттық парыз намаздарды қысқарту. Бұл — Исламның адам табиғаты мен күнделікті тұрмыс тіршілігін ескеретін дін екенін көрсетеді. Ханафи мәзһабының фиқһ кітаптарында бұл жеңілдікті жай рұқсат емес, нақты міндет ретінде қарастырады. 

Алла Тағала Құранда былай дейді:

﴿وَإِذَا ضَرَبْتُمْ فِي الْأَرْضِ فَلَيْسَ عَلَيْكُمْ جُنَاحٌ أَنْ تَقْصُرُوا مِنَ الصَّلَاةِ﴾

«Жер жүзіне сапарға шыққанда, егер кәпірлердің сендерге зиян тигізуінен қорықсаңдар, намазды қысқартуларыңда айып жоқ».¹

Бұл аятта қауіп жағдайы ескерілгенімен, Пайғамбар ﷺ және сахабалар қауіпсіз сапарларда да намазды қысқартқан. Бұл Сүннеттің аятты ашықтай түсетіндігін  білдіреді.

Ханафи мазһабының көрнекті ғалымы имам Кәсани өзінің Бадайғу әс санайғ кітабында былай дейді: 

وَٱلْقَصْرُ عَنِ ٱلرَّكَعَاتِ لَا يَتَعَلَّقُ بِشَرْطِ ٱلْخَوْفِ، بَلْ يَجُوزُ مِنْ غَيْرِ خَوْفٍ.

«Ракаттардан қысқарту (яғни намазды қысқартып оқу) қорқу шартымен байланысты емес, қайта қорқыныш болмаса да рұқсат етіледі» деген. ² 

Пайғамбарымыз ( Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сапар кездерінде төрт рәкаттық намаздарды  толық оқымаған.

عن عبد الله بن عمر رضي الله عنهما قال:

“صَلَّيْتُ مع النبيِّ ﷺ ركعتين في السفر، ومع أبي بكر وعمر وعثمان، كذلك.”

(رواه البخاري 1102، ومسلم 685)

«Мен Пайғамбарымызбен  ( Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын ) сапарда екі ракағат  намаз оқыдым. Әбу Бәкірмен, Омармен және Османмен де солай яғни бірге намаз  оқыдым — бәрі де екі рәкат оқыды» деген. ³

عن يعلى بن أمية قال:

قلت لعمر: ﴿لَيْسَ عَلَيْكُمْ جُنَاحٌ أَنْ تَقْصُرُوا﴾ وقد أمِنَ الناس؟

فقال: عجبتُ مما عجبتَ منه، فسألتُ رسولَ الله ﷺ عن ذلك، فقال: “صدقةٌ تصدَّقَ الله بها عليكم فاقبلوا صدقته”.

(رواه مسلم: 686)

 

Яғьла  ибн Умейя былай дейді:

«Мен Омарға: «Адамдар қазір  қауіпсіз болса, Құрандағы қысқартуға рұқсат аятының мәні неде  ?» деп сұрадым . Ол: «Мен де осыған таңғалдым. Сосын Пайғамбарымыздан( Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын ) сұрадым. Ол: “Бұл – Алланың сендерге берген садақасы яғни жеңілдігі . Оның сыйын қабыл етіңдер”, – деді».⁴ 

 Ханафи мәзһабында тоқсан шақырымнан алыс жерді ниетке алып жолға шыққан адамның төрт ракағаттық парыз намаздарды қысқарту уәжіп. Егер адам оны әдейі  орындамаса, күнә арқалайды. 

Ханафи мәзһабы бойынша, сапарда жүрген адам төрт рәкат намаз оқыса – алғашқы екі рәкат – парыз, соңғы екеуі – нәпіл болады . 

Бұл жөнінде имам Кәсани былай дейді:

أَنَّ الْمُسَافِرَ لَوِ اخْتَارَ الْأَرْبَعَ، لَا يَقَعُ الْكُلُّ فَرْضًا عِنْدَنَا، بَلِ الْمَفْرُوضُ رَكْعَتَانِ لَا غَيْرُ. وَالشَّطْرُ الثَّانِي يَقَعُ تَطَوُّعًا عِنْدَنَا.

«Сапардағы  адам (мусафир) төрт рәкат оқуды таңдаса, біздің мазһабымызда оның барлығы парыз болып саналмайды. Парыз саналатын тек екі рәкат қана. Ал қалған екінші жартысы – Ханафи мазһабы бойынша нәпіл болып есептеледі» .⁵ 

Бірақ уәжіп амалды әдейі орындамағаны үшін күнәлі болады. 

Ханафи мәзһабында сапардағы мұсылманға төрт рәкаттық парыз намаздарды екі рәкат етіп оқу – уәжіп. Бұл – Құран, Сүннет және сахабалар амалына негізделген бекітілген үкім. Мұны орындау – Алланың берген жеңілдігін қабылдау, Оның әміріне бойұсыну деген сөз.

 

_______________________

  1. ән-Ниса сүресі, 101-аят) .
  2. Бадайғу әс санайғ.1/260 бет. 
  3. Бұхари ,1102. Мүслиім 685. 
  4. Мүслиім 686. 
  5. Бадайғу әс санайғ.1/260 бет. 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz