Center Image
IHSAN.KZ
Оразаға дайындықты неден бастаймыз?
Оразаға дайындықты неден бастаймыз?

Мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті Рамазан айының басталуына санаулы күндер қалды. Он екі айдың сұлтаны саналатын бұл берекелі кезеңге бар-жоғы оншақты күн қалуы әрбір мұсылманды рухани және моральдық тұрғыдан дайындалуға үндейді. Осыған орай, Рамазан айын лайықты қарсы алу үшін алдын ала жүйелі дайындық жүргізудің маңызы зор.

Рамазан айына арналған жоспар

Рамазан айына дайындықтың маңызды құрамдас бөлігі — жеке жоспар құру. Жинақталған дінибілімге сүйене отырып, күн тәртібін нақты белгілеуқажет. Құран оқу уақыты, ауызашар беру, қосымша құлшылық түрлері мен рухани іс-шараларды алдынала жоспарлау уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Рамазан айын жаман әдеттерден арылып, ізгі қасиеттерді қалыптастыру кезеңі ретінде қарастырған жөн. Бұл мақсаттарды жазбаша түрде белгілеу және олардың орындалуынбақылау адамның өзін-өзі дамытуына оң әсер етеді. Ең бастысы, қойылған мақсаттардың нақты әрі айқын болуы. Рамазан айында басталған оң өзгерістерді одан кейін де жалғастыру руханитұрақтылықты қалыптастыруға септігін тигізеді. Осы орайда, алдағы күнге жоспарды ұйқыға жатаралдында құру тәртібі өзіндік тәртіп пен жауапкершілікті арттырады.

Рамазан айы жөнінде білімді арттыру

Рамазан айына қатысты діни білім алу оразаға байланысты туындайтын көптеген сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап табуға мүмкіндік бередіАтап айтқанда, оразаны бұзатын жағдайлар, оразаұстауға қатысты жеңілдіктер, сондай-ақ Рамазан айында орындалуы тиіс діни және рухани амалдартуралы толық мағлұмат алуға болады. Рамазан айыжөніндегі білім деңгейінің артуы құлшылықтарды саналы түрде орындауға және діни міндеттергежауапкершілікпен қарауға ықпал етеді.

Қаза оразаны өтеу

Ислам дінінде Рамазан айында ұстала алмаған оразаның қазасын өтеу — мұсылманның діниміндеттерінің бірі болып саналадыБелгілі бірсебептермен (денсаулық жағдайы, сапар, жүктілік, емізу кезеңі және өзге де шариғатта рұқсат етілгенжағдайлар) ораза ұстай алмаған адам кейін солкүндердің қазасын өтеуге міндетті. Құранның Бақара сүресінің 184-аятында «Егер біреусырқаттанып немесе сапарда жүріп санаулыкүндерін өткізіп, қаза етіп алса, басқа күндерде өтеулеріне болады...» делінген.

Қаза ораза Рамазан айынан тыс кез келгенуақытта, келесі Рамазан айына дейін өтелуі мүмкін. Қазаны өтеу барысында ниет ету міндетті болыптабыладыНиет жүрекпен жасаладыалайда оны тілмен айту да құпталады. Қаза ораза жеке-жекекүндермен немесе мүмкіндікке қарай қатарынан ұсталуы мүмкін, бұл шариғатта ерікті түрде таңдалады.

Егер адам қаза оразасын өтеуге физикалық немесе денсаулық тұрғысынан қабілетсіз болсажәне бұл жағдай тұрақты сипатқа ие болсаонда олшариғатқа сай фидия беруге міндеттеледі. Фидия — бір күндік оразаның орнына мұқтаж жандытамақтандыру немесе оның құнын беру арқылы жүзеге асырыладыАлайда уақытша себеппенораза ұстай алмаған адамға фидия емесміндеттітүрде қаза ораза өтеу парыз болып табылады.

Қаза оразаны себепсіз кейінге қалдыру құпталмайды. Бұл — діни жауапкершілік пен тәртіптің белгісі. Сондықтан әрбір мұсылман өз мүмкіндігіне қарай қаза оразасын уақытында өтеуге ұмтылуы қажет. Қаза оразаны өтеу адамның рухани тазаруынасабыр мен жауапкершілігінарттыруға, сондай-ақ діни парыздарын толық орындауына ықпал етеді.

Арнайы дұғаларды жаттап алу

Сәресіде айтылатын дұға:

Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисанлилләһи таъалә».

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Ауызашарда айтылатын дұға:

ОқылуыАллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә Зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин шәә Алла».

Мағынасы: «Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадымШөл кеттітамырлар суландыиншалласауабы да жазылды».

Отбасы мүшелерін оразаға дайындау

Баланы оразаға дайындаудың маңызы

Рамазан айы — рухани тәрбие мен отбасылық құндылықтарды нығайтатын ерекше кезең. Осы қасиетті айда баланы оразаға біртіндеп дайындауоның діни санасының қалыптасуына, сабыр мен жауапкершілік секілді адамгершілік қасиеттерінің дамуына ықпал етедіИсламда балиғат жасынатолмаған балаға ораза парыз етілмегенімен, оны ерте жастан оразаның мәні мен маңызын түсінуге баулу — ата-ананың маңызды міндеттерінің бірі.

Баланың жас ерекшелігін ескеру

Баланың денсаулығы мен жас ерекшелігінескеру — оразаға дайындаудың негізгі қағидасы. Кішкентай балаларға толық күн ораза ұстауды талап ету дұрыс емес. Бұл ретте «жарты күндік ораза», «бірнеше сағат ораза» секілді жеңілдетілген тәсілдерді қолдануға болады. Мұндай әдіс баланышаршатпайкерісінше, оның қызығушылығын арттырады әрі ораза ұғымын жағымды түрде қабылдауына көмектеседі.

«Уа, иман келтіргендер! Өздеріңді және отбасыларыңды отыны адамдар мен тастар болған оттан (тозақтан) құтқарыңдар» (Тахрим, 6).

Рухани және психологиялық дайындық

Баланың оразаға дайын болуы тек физикалық емесрухани әрі психологиялық тұрғыдан да маңызды. Хакимнің Ибн Аббастан риуаят еткенхадисінде Пайғамбар (с.а.с.): «Сәбилеріңнің алғашқы сөзін «Лә иләһә иллалламен» ашыңдар әрі өлер кезінде оларға «Лә иләһә иллалланы» айтқызыңдар», – дегенОразаның мәнін қарапайым тілмен түсіндіру, сабыр сақтау, мейірімді болу, жаман әдеттерден аулақ жүру секілдіқұндылықтарды мысал арқылы жеткізу қажет. Сонымен қатар, балаға оразаның тек тамақ пен судан тыйылу емес, мінез-құлықты түзету мен рухани тазалыққа ұмтылу екенін ұғындыру маңызды. 

Құран оқуды үйрету

Баланың оразаға деген көзқарасы көбіне ата-ананың іс-әрекетіне байланысты қалыптасады. Сондықтан отбасында ауыз бекітуауызашар мен сәресін бірге өткізу, Құран оқу, дұға жасау секілдіортақ іс-шаралар баланың қызығушылығын арттырадыОРаза – Құран айы болғандықтан, балаға Құранды үйрету дұрыс. Пайғамбар (с.а.с.) былай деген«Балаларыңды үш түрлі қасиетке баулыңдар: Пайғамбарларыңды сүюге, оның әулетін сүюге және Құран оқуға. Шындығында Құранды көтергендер (жаттағандар) ешқандай көлеңке болмайтын күні (Қиямет күні) Алланың Аршысының көлеңкесінде болады»  (Табаранириуаяты). Ата-ананың сабырлы әрі жауаптыұстанымы бала үшін ең тиімді тәрбие құралы болып табылады.

Денсаулыққа ерекше көңіл бөлу

Баланың денсаулығы — басты назарда болуытиісЕгер бала өзін әлсіз сезінсе немеседенсаулығына кері әсер байқалса, оразанытоқтатуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда баланыкінәламай, керісінше оның ниетін бағалап, қолдау көрсету маңызды. Ораза баланың денсаулығына зиян келтірмеуі керек екенін үнемі ескерген жөн. Баланы оразаға дайындау — мәжбүрлеу емесбіртіндеп үйрету, түсіндіру және үлгі көрсету арқылы жүзеге асатын тәрбиелік процесс. Рамазан айында берілген рухани тәрбие баланың болашақта діни міндеттерін саналы түрде орындауына негізболады. Ең бастысы — баланың ниетін қолдап, оразаны қуаныш пен ізгілікке толы амал ретіндеқабылдауына жағдай жасау.

Оразаға дайындық — адамның өзін рухани, моральдық және тәртіптік тұрғыдан тәрбиелеуге бағытталған маңызды кезең. Бұл дайындық арқылы мұсылман сабырды үйреніп, нәпсіні тыйып, жүрегін тазартадыОраза ұстау — үлкен сауапқа кенелтетін ғибадат, ол адамның иманын күшейтіпмейірім мен тақуалыққа жетелейді. Сондықтан оразаны саналы түрде қарсы алып, ықыласпен ұстау әрбір мұсылман үшін зор рухани игілікболып табылады.

Алла Тағала Рамазан айына аман – есен жетуімізді нәсіп етсін!

 

Нуров Махмуд қажы Нурұлы

«Бала қажы» мешітінің бас имамы


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz