Осакаровка аудандық мешітінің ұстазы Ақбота Қайратқызының ұйымдастыруымен қасиетті құрбан айт мейрамына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында ерікті жастармен және әйелдер жамағатымен мешітте тазалық жұмыстары жүргізілді.
Игі шара барысында әйелдер жамағаты мешіттің ішкі және сыртқы аумағын ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын атқарды.
Ұстаз Ақбота Қайратқызы мұндай бастамалар мешіттің көркеюіне ғана емес, жамағат арасындағы бірлік пен ынтымақты арттыруға да ықпал ететінін атап өтті.
Шара соңында қатысушыларға арнайы дастархан жайылып алғыс айтылды, мешіт ұстазы ізгі амалдың сауабы мол екенін жеткізіп, насихат айтты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы