Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Халықаралық отбасы күніне орай жас отбасылармен рухани-танымдық кездесу өтті.
«Исламдағы отбасы: сүйіспеншілік пен құрмет» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шарада жас жұбайларға отбасы құндылықтарының маңызы кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында исламдағы отбасы институтының орны, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілік, сондай-ақ шаңырақтағы мейірім мен түсіністіктің қоғам тұрақтылығына тигізер ықпалы жөнінде насихат айтылды.
Сонымен қатар ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды ұштастырудың маңызы да ерекше атап өтілді.
Шараның негізгі мақсаты – жас отбасылардың рухани танымын арттыру, берекелі отбасы мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы отбасы институтын нығайту.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы