Халықаралық отбасы күніне орай Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде отбасылық «Толағай» сайысы ұйымдастырылды.
Шараға «Иса молла» мешітінің имамы Нұржан Оңғарұлы арнайы қатысып, отбасы құндылықтары жайлы насихат айтты. Сонымен қатар, берекелі отбасының қоғамдағы орны, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықтың маңызы жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті.
Іс-шараның басты мақсаты – отбасы бірлігін нығайту, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу. Сайыс барысында қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша бақ сынап, ұйымшылдық пен белсенділіктерін көрсетті.
Сайыс соңында жеңімпаз отбасылар арнайы марапатталып, алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы