Center Image
IHSAN.KZ
Алланың көркем есімдерін жатқа айтудан сайыс ұйымдастырылды
Алланың көркем есімдерін жатқа айтудан сайыс ұйымдастырылды

Қарағанды қалалық «Бала қажы» және Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешіттерінің шәкірттері арасында ұстаз Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен Алла Тағаланың көркем есімдерін жатқа айтудан рухани-танымдық сайыс өтті.

Тағылымды шараның басты мақсаты – шәкірттердің діни білімін арттыру, Алланың көркем есімдерін жаттаттыру арқылы жүректеріне иман нұрын ұялату, сондай-ақ жастарды ізгілікке, білімге және рухани тәрбиеге баулу болды.

Сайыс үш кезең бойынша ұйымдастырылды:
 І кезеңде қатысушылар Алла Тағаланың көркем есімдерін араб тілінде жатқа айтты;
 ІІ кезеңде есімдерді бір-бірінің ортасынан жалғастыру тапсырмасы берілді;
 ІІІ кезеңде қатысушылар көркем есімдердің қазақша мағыналарын айтып, білімдерін ортаға салды.

Сайыс барысында шәкірттер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, өзара белсенділік пен тапқырлық танытты. Қатысушылардың ынтасы мен білімге деген құштарлығы көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Шара соңында үздік өнер көрсеткен жеңімпаздар арнайы марапатталып, алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды. 



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz