Center Image
IHSAN.KZ
Осакаровкада “Өнегелі отбасы – қоғам байлығы” тақырыбында насихат айтылды
Осакаровкада “Өнегелі отбасы – қоғам байлығы” тақырыбында насихат айтылды

Осакаровка аудандық мешітінің ұстазы Ақбота Қайратқызының ұйымдастыруымен Халықаралық отбасы күніне орай әйелдер жамағатына арналған тағылымды кездесу өтіп, “Өнегелі отбасы – қоғам байлығы” тақырыбында уағыз-насихат айтылды Исламдағы отбасының орны мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Ұстаз өз сөзінде отбасының берекесі – сыйластық, мейірім, сабыр және жауапкершілік екенін атап өтіп, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дұрыс қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, әйел адамның отбасыдағы рөлі, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігі және қоғамдағы ізгілік пен имандылықты қалыптастырудағы үлесі жайлы да жан-жақты түсіндірме берілді.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, рухани мазмұндағы пайдалы кеңестер алды. 



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz