Center Image
IHSAN.KZ
«Зул-хиджа айындағы нәпіл құлшылықтар» тақырыбында уағыз-насихат өтті
«Зул-хиджа айындағы нәпіл құлшылықтар» тақырыбында уағыз-насихат өтті

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына  «Зул-хиджа айындағы нәпіл құлшылықтар» тақырыбында уағыз-насихат айтылып, қасиетті айдың ерекшелігі мен оның мұсылман өміріндегі орны кеңінен түсіндірілді. 

Ұстаз өз сөзінде Зул-хиджа айының алғашқы он күні – Алла Тағала ерекше қадірлеген берекелі уақыт екенін атап өтіп, бұл күндері жасалатын ізгі амалдардың сауабының мол болатынына тоқталды.


Сонымен қатар нәпіл намаз, ораза ұстау, Алланы көп зікір ету, садақа беру және жақсы амалдарды көбейтудің маңызы түсіндірілді. Қатысушыларға осы күндерді бос өткізбей, құлшылықпен, дұға-тілекпен және ізгі істермен өткізуге шақырды.


Кездесу барысында әйел-қыздар жамағаты тарапынан сұрақтар қойылып, дін мен күнделікті өмірге қатысты пайдалы насихаттар берілді. 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz