Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің имамы Оралбай Әділбекұлының ұйымдастыруымен Құрбан айт мейрамына дайындық жиыны өтті.
Жиынға мешіттің наиб имамдары, ұстаздары, дін қызметкерлері және шаруашылық қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Құрбан айт мейрамына дайындық жұмыстары пысықталды. Атап айтқанда, айт күндері өтетін қайырымдылық шаралары, құрбандық шалу орындарын ұйымдастыру, құрбан етін мұқтаж жандарға үлестіру, айт намазын өткізу және мерекелік іс-шараларды жоспарлау мәселелері қаралды.
Мұндай дайындық жиындары мерекені жоғары деңгейде ұйымдастырып, халыққа рухани әрі әлеуметтік тұрғыда сапалы қызмет көрсетуге бағытталатыны айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы