Center Image
IHSAN.KZ
Нәрестеге азан шақырып ат қою рәсімі өтті
Нәрестеге азан шақырып ат қою рәсімі өтті
Қарағанды қалалық “Әл-Ғаффар” мешітінде ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан асыл дәстүріміздің бірі — нәрестеге азан шақырып ат қою рәсімі өткізілді.

Дініміз бен ұлттық дәстүріміз үндескен тағылымды шара барысында мешіттің наиб имамы Қарубай Берікұлы нәрестенің құлағына азан айтып, есімін қойып, сәбиге және оның отбасына ізгі тілегін білдіріп, ақ батасын берді.

Мұндай тағылымды рәсімдер халқымыздың салт-дәстүрі мен асыл дініміздің өзара үндестігін айқындап, рухани құндылықтарымыздың дәріптелуіне себеп болуда. 

Шара соңында жамағатпен мешіт қызметкерлері нәрестенің өміріне береке тілеп, дұға жасады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz