Теміртау орталық Әлихан Бөкейхан мешітінің ұстаздары Муслима Абдраймқызы және Ақниет Дәуірғалиқызының ұйымдастыруымен жастарға арналған табиғат аясындағы рухани-танымдық демалыс іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында жастар таза ауада демалып, табиғаттың әсем көрінісін тамашалап, рухани әрі физикалық серпіліс алды. Сонымен қатар қатысушылар өзара пікір алмасып, ұстаздар тарапынан айтылған уағыз-насихаттарды тыңдады.
Кездесу аясында діни сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылып, жастардың діни білімін арттыруға бағытталған пайдалы әрі әсерлі форматта өтті. Шара жастардың бір-бірімен бауырластық қарым-қатынасын нығайтып, рухани дамуына оң әсерін тигізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы