Center Image
IHSAN.KZ
Әл-Ғаффар мешітінде табиғат аясында тағылымды басқосу өтті
Әл-Ғаффар мешітінде табиғат аясында тағылымды басқосу өтті

Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің әйел-қыздар жамағаты, ұстаз Бақыт Амантайқызының ұйымдастыруымен табиғат аясында рухани әрі тағылымды басқосу өткізді.

Күннің жылып, табиғаттың ерекше көріктенген шағында шәкірттермен байланысты нығайту, сондай-ақ бос уақытты пайдалы әрі рухани мазмұнды өткізу мақсатында табиғат аясына арнайы пикник ұйымдастырылды. Іс-шараға білім ордасының шәкірттері қатысып, көңілді әрі пайдалы күн өткізді.

Таза ауада, әсем табиғат аясында өткен бұл басқосу тек демалыс қана емес, шәкірттердің бір-біріне деген бауырмалдығын арттырып, достық пен сыйластықты күшейткен ерекше сәт болды.

Жиын барысында ұстаз Бақыт Амантайқызы шәкірттерге арнайы уағыз-насихат айтып, жамағаттың бірлігі мен татулығының маңызын кеңінен түсіндірді. Бірлік пен береке – мұсылман қоғамының басты құндылықтарының бірі екені ерекше атап өтілді.

Бұл рухани кездесу шәкірттердің жүрегіне жылулық сыйлап, білім мен тәрбиені ұштастырған тағылымды шара ретінде есте қалды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz