Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы аумағында ПАБ 6-дан ОН 87-ге дейінгі аралықта жүзеге асырылып жатқан 3 шақырымдық М3 жылу магистралін қайта құру жобасы барысында құрбан шалу рәсімі ұйымдастырылды.
Іс-шараға “Әл-Машани” мешітінің наиб имамы Әсет Наурызбайұлы қатысып, Құран аяттарын оқып, бата беріп, жобаға рухани насихат жасады. Рәсім барысында ел игілігіне бағытталған жұмыстардың берекелі болуына тілектер айтылып, тұрғындардың жылу инфрақұрылымын жаңарту ісінің маңыздылығы атап өтілді.
Жиын соңында ел амандығы мен береке-бірлік үшін дұға жасалып, игі бастамаға сәттілік тілегi білдірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы