Center Image
IHSAN.KZ
Қарабас кенті мешітінің имамы сарбаздармен кездесу өткізді
Қарабас кенті мешітінің имамы сарбаздармен кездесу өткізді

Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев аймақтағы әскери бөлім сарбаздарымен кездесу өткізіп, қазіргі қоғамдағы жат ағымдардың салдары және одан сақтану жолдары туралы насихат айтты.

Кездесу барысында діни тұрақтылықтың маңызы, жат ағымдардың адам сенімі мен қоғам бірлігіне тигізетін кері әсері кеңінен түсіндірілді. Имам жастарды дұрыс діни білім алуға, дәстүрлі құндылықтарды ұстануға және ел бірлігін сақтауға шақырды.

Сондай-ақ сарбаздарға отансүйгіштік, тәртіп пен рухани беріктік – қоғам қауіпсіздігінің маңызды негізі екені атап өтілді. Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы жауаптар алды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz