ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді.
«Мүлікті игі іске берудің (уақып етудің) шексіз сауабы» тақырыбында уағыз айтқан бас имам: «Мүлкті игі іске беру, яғни уақып ету – ислам мәдениетіндегі ең ізгі және сауабы үзілмейтін амалдардың бірі. Уақыптың басты құндылығы оның сауабының үздіксіз жалғасуында. Адам баласы дүниеден өткенде оның барлық амалдары тоқтағанымен, уақыпқа қалдырған мүлкі игілікке жарап тұрғанша, иесінің қабіріне сауап нұры болып бара береді»,- деді.
Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы