Абай аудандық мешітінде Көкебайқызы Нұризат ұстаздың ұйымдастыруымен әйел жамағатқа арналған «Намаздағы ихсан» тақырыбында рухани-танымдық семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – намаз құлшылығындағы шынайылық пен ықыластың маңызын түсіндіру, әйел жамағаттың діни сауатын арттыру және рухани тәрбиені насихаттау.
Семинар барысында ихсан ұғымының мәні кеңінен түсіндіріліп, оның мұсылман өміріндегі орны жайлы насихат айтылды. Нұризат ұстаз намазды тек парыз ретінде орындап қана қоймай, оны жүрекпен сезініп, ықыласпен оқу – пенденің Аллаға деген жақындығын арттыратынын атап өтті. Сонымен қатар, намаздағы жинақылық, хушуғ, сабыр мен шынайылық мәселелері де қозғалды.
Кездесу барысында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, діни тақырыптар төңірегінде еркін пікір алмасты. Әйел жамағатқа арналған мұндай рухани кездесулердің отбасы тәрбиесі мен қоғамдағы имандылықты нығайтудағы маңызы айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы