Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде Құрбан айтқа дайындық қарқынды жүргізілуде
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде Құрбан айтқа дайындық қарқынды жүргізілуде
Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті тарапынан дайындық шаралары қарқынды түрде жүргізілуде. Мешіт ұжымы мен еріктілер мерекені жоғары деңгейде өткізу мақсатында бірқатар ұйымдастыру жұмыстарын атқаруда.

Атап айтқанда, мешіт ауласына арнайы мерекелік баннерлер ілініп, келушілерге қолайлы әрі көркем орта қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар мешіт ауласы толықтай тазаланып, абаттандырылуда. Аула ішіндегі тазалық жұмыстары мен ретке келтіру шаралары мерекенің сән-салтанатын арттыра түспек.
 
Құрбан айт — мұсылман қауымын бірлікке, мейірімділікке және бауырмалдыққа үндейтін ұлық мейрам. Осыған орай мешіт ұжымы қала тұрғындарын қасиетті мерекені бірге қарсы алуға шақырады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz