Абай аудандық мешітінде әйел жамағатқа арналған «Мәйітті жуындыру және кебіндеу» тақырыбында тағылымды семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – мұсылман әйелдерге шариғаттағы жаназа рәсімдерінің орындалу тәртібін түсіндіру, мәйітті дұрыс жуындыру мен кебіндеудің әдебін үйрету.
Семинар барысында қатысушыларға мәйітті жуындырудың шариғаттағы үкімі, ниет ету тәртібі, қажетті жабдықтар, әйел кісіні кебіндеу жолдары және жаназаға қатысты маңызды мәселелер кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар тәжірибелік түрде көрсетіліп, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Семинар барысында ислам дінінде мәйітке құрмет көрсетудің, соңғы сапарға шығарып салудың жолы мен әдебі ерекше айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы