Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Зул-хижжа айының мұсылман қауымы үшін маңызы мен рухани ерекшеліктері кеңінен насихатталды. Жиын барысында ізгі амалдардың артықшылығы, құлшылықтың мәні және қасиетті күндердің тәрбиелік маңызы жөнінде тағылымды ойлар айтылды.
Кездесу аясында мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы алда келе жатқан Құрбан айт мерекесінің діни һәм қоғамдық маңызына тоқталып, бұл мейрамның адам бойындағы мейірім, жанашырлық және бауырмалдық құндылықтарды дәріптейтінін атап өтті. Сонымен қатар, жамағатты ауызбіршілікке, қайырымдылық жасауға және ізгі амалдарды көбейтуге үндеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы