Абай аудандық мешітінде әйел жамағат арасындағы бауырмалдық пен бірлік-ынтымақты арттыру мақсатында «Бірлігі жарасқан жамағат» атты рухани басқосу ұйымдастырылып, ақ дастарқан жайылды.
Іс-шараға белсенді жамағаттар қатысып, исламдағы татулық, сыйластық және мұсылман әйелдерінің қоғамдағы орны жайында тағылымды әңгімелер айтылды. Басқосу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, рухани сұхбат құрды.
Кездесу барысында Құран аяттары оқылып, Пайғамбарымыздың ﷺ үмбет арасындағы ауызбіршілік пен бауырмалдық жайындағы хадистері насихатталды.
Сонымен қатар, дастарқан басында аналық тәрбие, отбасы құндылықтары, көркем мінез және қоғамдағы әйелдің өнегелі рөлі жөнінде кеңінен сөз қозғалды. Қатысушылар осындай игі шаралардың жиі өткізіліп тұруына тілектестік білдірді.
«Бірлігі жарасқан жамағат» атты бұл рухани кеш жиналған қауымның жүрегіне жылулық сыйлап, ынтымақ пен татулықты дәріптеген тағылымды кездесу болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы