Center Image
IHSAN.KZ
ҚАСАПХАНАЛАРДА ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
ҚАСАПХАНАЛАРДА ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Құрбан айт мейрамына дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында Қарағанды қаласындағы қасапханаларда арнайы тексеру және дайындық жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары бастаған жауапты сала мамандары қатысты. Атап айтқанда, полиция қызметкерлері, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары, ветеринариялық дәрігерлер, қала және аудан мешіттерінің имамдары, сондай-ақ «Зекет және қайырымдылық» қорының облыс бойынша өкілі қатысып, мереке күндері атқарылатын жұмыстарды жан-жақты пысықтады.

Шара барысында қасапханалардың санитарлық талаптарға сәйкестігі, мал сою орындарының дайындығы, қауіпсіздік шаралары мен ветеринариялық бақылау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, құрбан шалу рәсімдерін шариғат талаптарына сай әрі ұйымдасқан түрде өткізу бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жауапты мамандар тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау бағытындағы дайындықтардың маңыздылығына тоқталып, бірқатар нақты тапсырмалар берді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz