Center Image
IHSAN.KZ
САРАНДА ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
САРАНДА ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінде Құрбан айтқа дайындық қарқынды жүргізілуде

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен жоспарға сәйкес Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінде дайындық жұмыстары қарқынды түрде атқарылуда. Мешіт ұжымы мен еріктілер мерекені жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында бірқатар маңызды шараларды қолға алған.

Атап айтқанда, мешіт ауласы мен ғимараты толық тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, айт намазына келетін жамағатқа қолайлы жағдай жасау үшін арнайы орындар дайындалып, қауіпсіздік пен тәртіп мәселелері де назарға алынған.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz