Қарағанды облысы, Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлының ұйымдастыруымен Құрбан айт мейрамына дайындық және жоспарлау жиыны өтті.
Жиын барысында қасиетті Құрбан айт күндерінің мән-маңызы, айт намазының ұйымдастырылуы, құрбан шалу рәсімдерінің шариғат талаптарына сай атқарылуы, қайырымдылық шараларын өткізу және халыққа діни түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, мереке күндері қала мешіттерінде атқарылатын іс-шаралар пысықталып, халыққа қолайлы жағдай жасау, мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмектерін ұйымдастыру, діни рәсімдердің тәртіпке сай өтуі бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жиын соңында Теміртау қаласының бас имамы барша Теміртау өңірінің имамдарын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ел амандығын, жұрт тыныштығын, бірлік пен берекенің артуын тілеп, алдағы мерекелік шаралардың жоғары деңгейде өтуіне сәттілік тіледі.
Құрбан айт – береке мен мейірімнің, ынтымақ пен қайырымдылықтың мерекесі. Алла Тағала шалынған құрбандықтар мен жасалған игі амалдарды қабыл етсін!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы