Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда қасапшыларға арнайы дайындық семинары жүргізілді
Теміртауда қасапшыларға арнайы дайындық семинары жүргізілді
Қарағанды облысы, Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлының ұйымдастыруымен қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай қасапшыларға арналған арнайы түсіндіру семинары өтті. Семинар барысында құрбан шалу рәсімінің шариғат талаптарына сай орындалу тәртібі, мал сою әдебі, тазалық сақтау, қауіпсіздік талаптары және құрбандыққа қатысты діни үкімдер жан-жақты түсіндірілді.

Жиын кезінде қасапшыларға құрбандық малын союдағы жауапкершілік, аманатқа адалдық, шариғатқа сай рәсімдерді дұрыс орындау, сондай-ақ халыққа сапалы әрі тәртіпке сай қызмет көрсету мәселелері кеңінен айтылды. Сонымен қатар, құрбандық шалу кезінде малға ізгілік таныту, кезек тәртібін сақтау, санитарлық талаптарды орындау және құрбандық иелеріне түсіністікпен қарау жөнінде нақты нұсқаулар берілді.

Семинар соңында Теміртау қаласының бас имамы Ақниет Сәлімбайұлы қасиетті Құрбан айт күндерінде атқарылатын жұмыстардың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, құрбандық шалу рәсімдерінің шариғат пен заң талаптарына сай, жүйелі әрі жауапкершілікпен жүзеге асырылуы маңызды екенін атап өтті.

Құрбан айт – мейірім мен қайырымдылықтың, тақуалық пен берекенің мерекесі. Алла Тағала шалынған құрбандықтар мен жасалған игі істерді қабыл етсін!

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz