Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешіті ауласын абаттандыру және көркейту жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Осы орайда Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан аудандық әкімдігі тарапынан мешіт ауласына арнайы сәндік гүлсауыттар сыйға берілді. Бұл игі бастама мешіт аумағының көркем әрі жайлы болуына өз үлесін қосып, жамағатқа қолайлы орта қалыптастыруға септігін тигізбек.
Мешіт ұжымы демеушілік танытып, қолдау білдірген азаматтарға алғысын білдіріп, мұндай игі істер қоғамдағы ауызбіршілік пен ізгіліктің жарқын көрінісі екенін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы