Center Image
IHSAN.KZ
Ағадырда «Құрбан айт – мейірім мен қамқорлық» атты рухани кеш өтті
Ағадырда «Құрбан айт – мейірім мен қамқорлық» атты рухани кеш өтті

Шет ауданы, Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде ұстаз Әлия Рахманқызының ұйымдастыруымен «Құрбан айт – мейірім мен қамқорлық» атты рухани кеш өтті.


Шара барысында Құрбан айт мерекесінің мән-маңызы, оның қасиеті мен құрбан шалу тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар шәкірттерге тақырып аясында викториналық сұрақтар қойылып, белсенді қатысқан балаларға сыйлықтар таратылды.


Кеш соңында қатысушыларға арнап дастархан жайылып, тағылымды басқосу жылы атмосферада жалғасын тапты. Сондай-ақ Құранға жаңадан түскен шәкірттерге ерекше құрмет көрсетіліп, тәж кию рәсімі өткізілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz